Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі не себепті автобуспен жүрмейтінін түсіндірді (видео)

Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында әкімге “Қоғамдық көлікті пайдаланасыз ба?” деген сұрақ қойылды. Шенеунік бұл сұраққа барынша шынайы жауап беруге тырысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2gis

Астана әкімі автобуспен жүрмейтінін, оған себеп жұмысбастылық екенін ашық айтты.

“Қоғамдық көлікпен жүрмеймін, өйткені жұмыс бастан асады. Бірақ аптасына бірнеше рет қызметтік автобуспен әріптестерім мен бөлім басшылары – 15-20 адам болып қаланы аралаймыз”, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек. 



Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Қасымбек қараша айында коммуналдық техникалардың қара асфальтты қырып жүргені туралы әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсініктеме берген еді. 

Талқылау