Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бригада басшылары сөгіс алды": Жеңіс Қасымбек қараша айында таза асфальт қырған техникалардың әрекетін түсіндірді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қараша айында коммуналдық техникалардың қара асфальтты қырып жүргені туралы әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Елорда әкімі ол жағдаймен таныс екенін жеткізді. Айтуынша, техникалар жол жиегіндегі мұздарды қырып жүрген. 

"Қараша айындағы техникаға келсек, ол видеоны мен де көрдім. Грейдер Нәжмеденов көшесінен өткен. "Астана Тазалық" басшылығының түсіндіруі бойынша бордюр бойында мұз пайда болған, сол мұзды алып жатыр деді. Бірақ сол бригада басшылары мен "Астана Тазалық" басшылары сөгіс алды. Ешқандай бюджет қаржысын үнемдеу емес”, –  деді Жеңіс Қасымбек. 

Сондай-ақ елорда әкімі қыстың "кешігіп" жеткенін айтып, әкімдік қар күреуден екі миллиард теңге үнемдегенін жеткізді.

“Астанада қар бір айға кешігіп жауды. Осылайша, бір жарым айдың ішінде 2 миллард теңге үнемделді. Мұны біз әлеуметтік салаға жұмсаймыз. Қалада шешімін таппаған мәселе көп. Мысалы, мектептер мен балабақшалар. Үнемделген қаржы осы мақсатқа жұмсалады”, –  деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Талқылау