Ақмолада әкімдік қызметкерлері миллиондаған теңгені өз есепшотына заңсыз аударып келген
Ақмола облысы Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды қызметкерлері үш жылдан астам уақыт бойы өз жалақысын заңсыз есептеп келген. Зыңсыздық прокурорлық тексеру барысында анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған факті бойынша әкімдік қызметкерлеріне қатысты аса ірі көлемдегі ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған бюджет қаражатының көлемі 15 миллион теңгеден асады.
"Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.
- "Соққыға жығып, соңынан аңдыған": Алматылық қызды ұрып-соққан әкімдік қызметкері жұмысынан босатылды
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде әкімдік қызметкері алаяқтарға қомақты қаражат беріп алданғаны туралы жазған едік.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?