Асы үстірті мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақстанда Асы үстірті мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұны мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының мүшелері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының тұрғындарымен кездесті.
"Отырыста 2,4 мың гектар аумақ Бұғыты қыстауының мемлекет меншігіне қайтарылғанын халыққа жария еттік.
Олар ел арасында Асы үстірті атанған Іле-Алатау саябағының баурайындағы 3500 гектар ауылшаруашылық жерінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Атап айтқанда, бұрын 03-044-184-002 кадастрлық нөмірі бар "Іле – Алатау тур" ЖШС-не тиесілі көлемі 3,5 мың гектар жер телімі мемлекетке берілді. Аталған жер учаскесі Еңбекшіқазақ облысы әкімінің 1 маусымдағы № 907 қаулысымен мемлекет меншігіне қабылданды", – деп жазды депутат.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен