"Аспаннан у шашқан" ұшақ туралы видео ақтаулықтарды шошындырды
Ақтау тұрғыны ұшып бара жатқан ұшақтан шыққан қызғылт ізді видеоға түсіріп алды. Видео авторы "ұшақтан у шашып жүр" және "адамдар осыдан ауырады" дейді. Бұл мәлімдеме негізсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stop Fake-ке сілтеме жасай отырып.

Видеоға байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі түсініктеме берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сулейдің айтуынша, химиялық заттар шашқан жоқ, жолаушылар ұшағының ізі екен.
- "Бір зат шашып жүр": Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты
- Атырау аспанын түтін орады: Тұрғындар видеоға түсіріп алды
"Ақтау әуежайы қаланың өзінен 20 шақырым жерде орналасқан. Дәл осы бағытта камера орналастырылған. Бұл видео күн батқан кезде түсірілген, сондықтан түс өте қызыл болып көрінеді. Бірақ бұл азаматтық ұшақтың әдеттегі ізі. Соңғы уақытта бізде авиациямен байланысты ешқандай оқу-жаттығу өткізілген жоқ", - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы.
Ұшақтардың конденсациялық ізі - ұзақ уақыт бойы жерден айқын көрінетін ақ түсті жолақтар.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”