Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аслан Мусин марқұм ұлынан қалған мүлік үшін сотқа жүгінді

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусин соттасып жатыр. Ол ұлы Асылбек Мусиннен қалған мүлік үшін сотқа жүгінген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-шенеунік марқұм ұлының бизнестегі үлесі "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына заңсыз берілген деп санайды. Өйткені, Асылбек Мусин сенімхатты берген күні Қазақстанда болмағанын және сенімхат жалған екенін жеткізген.

Талапкер соттан сенімхат пен келісімдерді жарамсыз деп тануды сұрап отыр. Естеріңізге салсақ, Аслан Мусин 2017 жылы зейнет жасына жетіп, мемлекеттік қызметтен кеткен болатын. Ұлы Асылбек 2017 жылы Ригада қайтыс болды

"Аслан Мусиннің жауапкерлер "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-на, Ануарбек Мусинге және Ерлан Қожахметовке жасалған бірқатар шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда. Іс сот талқылауына дайындық сатысында", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Еділ Құдайберген.

"Сот әлі шешімін шығарған жоқ. Мусин Аслан Есполайұлының арызындағы талаптармен жауапкерлер, соның ішінде "Ақтөбе ӘКК" АҚ келіспейді. 2013 жылы қараша айында Мусин Асылбек Асланұлының атынан сенімхат негізінде әрекет еткен Мусин Ануарбек Нұрбекұлы бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлестерін қайырымдылық ретінде "Ақтөбе" ӘКҚ АҚ пайдасына берген", - Ақтөбе ӘКК" АҚ басшысының орынбасары Айдос Ақдәулет.

Талқылау