Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат өзінің Еркемен қарым-қатынасына қазіргі келіншегінің қалай қарайтынын айтты

Тележүргізуші отандық басылымдарда өзі туралы шығып жатқан ақпараттарды жоққа шығарды. Ол осы уақытқа дейін үзіліссіз өзінің тұңғыш ұлымен қарым-қатынаста болып келген екен. Мұнымен қатар, ол қазіргі келіншегінің Ерке Есмахан мен өзі туралы шығып жатқан қауесеттерге қалай қарайтынын айтып өтті.

14446726014173

Сурет: Comode.kz

Бұл туралы Ikerim.kz  басылымы хабарлайды.

Енді әңгімені жеке өміріңізге қарай бұрсақ. Жақында Сізді көп уақыт ұлыңызбен кездеспеген деген қауесет тарады. Бұл қаншалықты рас?

«Бірнеше жылдан кейін баласымен кездесті» деген мақала шыққанда шок болдым. Мен баламмен кездесіп, сөйлесіп жүрмін, Құдайға шүкір. Иә, отбасы болған соң, арамызда біраз түсініспеушіліктер болғаны да рас. Оның барлығы менің жеке өмірімде болып жатқан жағдай болғандықтан, жұртқа қатысы жоқ деп ойлаймын. Бірақ мен ұлымның суретін салғанда осындай мақала шықты. Десе де бұл өтірік, менің баламмен байланысым ешқашан үзілген емес.

Ол отбасыңызбен айырылысқаныңызға біраз уақыт болса да әлі сол тақырып жабылмай келе жатыр. Бұған үйдегі жарыңыз қалай қарайды?

Мен жарыма үйленбей тұрып, бұрын отбасым болғанын, ұлымның бар екенін айтқанмын. Біледі, түсінеді. Ал енді баспасөзде болып жатқан у-шуға не істей аламын?! Менің ел алдында жүрген азамат болғандығымнан солай болатынын біледі. Сыртта жүрген адам емес, күнде жанымда жүргендіктен, мені одан артық кім түсінеді?


Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова отбасын тастап кеткен әкесін кешіріп, тойына шақырған

Асхат Садырбай: Мен туралы өсек жазып нанын тапқандар бақытты болсын

Баян Мақсатқызы күйеуінің өзін не істеуге мәжбүрлейтінін айтты

Баян Мақсатқызы 3 айда қанша кітап сатып үлгергенін айтты

Талқылау