Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әскерилерге сеніп қалдым": Жамбыл облысында қызметкерлерін құтқарып қалған басшы өз оқиғасын айтты (видео)

Жамбыл облысында жарылыс кезінде өрт сөндіру қызметкерлерін құтқарып, өзі де ауруханаға түскен қарауыл басшысы Асыл Мұхамеджанов Жомартұлы оқиғаның қалай болғанын айтты. 

Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы мәлімдеді.

Байзақ ауданы сегізінші өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Жомартұлының айтуынша, ол оқиға орнында жарылыс болатынын білмеген. Есімі белгісіз әскери басшы оған жарылыс қаупі жоқ екенін ескерткен. 

“Бізге қоймада өрт болып жатыр деген хабар келді. Өртті сөндіруге жіберді. Біз келгенде ақырындап оқ ұша бастады. Мен бірден барлау жасадым. Міндетіміз солай. Әскерлерде басқарып жүген бір кісіден сұрағанымызда ол кісі жарылыс болмайды деді. Өзі артқа шегінде. Мен оған сеніп қалдым. Алданып қалдық. Су құйсақ та еш нәтиже болмады. Ол жердегі өртті сөндіру мүмкін емес екенін біле тұра бізді жібермеу керек еді. Жарылыс болмайды екен деп ойладық. О жерге біздің мекеме басшысы да келді. Сол кезде жарылыс болды”, – деді Асыл Жомартұлы.

Ол жарылыс туралы екі қайтара сұрағанын, алайда қауіп жоқ деген соң алаңсыз өртті сөндіруге кіріскендерін айтты. 

Бұған дейін Алмаз есімді өрт сөндіруші өзін жарылыстан соң басшысы сүйреп тасаға әкелгенін айтқан еді. Оған алғысын айтып, денсаулығы үшін уайымдайтынын жеткізді. 

“Бұл не болғаны сонда?! Қару қоймасы бола тұра, өрт шыққанын біле тұра, пожарниктерді алдап кіргізіп жіберіп, әскерилер қашып кетіп тұр ғой сонда! Көзімізді бақырайтып тұрып, әскери қызметкерлер осындай опасыздық жасаса, Отан қорғаушылар сонда кімді, нені қорғап жүр әскерилеріміз?!”, “Бұл жігітте Халық қаһарманы атағын алуға әбден лайық! Бас сауғалап қашпай білдей бір азамттың өмірін сақтап қалды. Алла шипасын беріп ертерек аяққа тұрып кетсін Батырымыз!”, “Бұл жерде біраз адамдардың қылмысы бар екені анық. Құқық қорғау органдары анықтайды деп сенеміз”, “Жарылғыш зат бар десе адам шығыны болмас еді ғой. Бір ауыз сөз”, – деп жазды желі қолданушылары.


Баян Алагөзова: Мен үшін бақытты күн болды, жарылысқа менің не қатысым бар?

Талқылау