"Әскерді кінәламаймын": Ақтөбеде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы үндеу жолдады
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, әскердегілерді кінәламауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ирина Боровецтің айтуынша, ұлы әскерде қысым көрмеген.
“Ол сәуірден бастап әскери міндетін орындауға кетті. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр, сол жақтағылар шешеді деп ойлаймын”, – деді ана.
Ол әскерде жүрген балаға жағымсыз жаңалықтар айтып, ойын бөлмеуді сұрайды.
"Менің ұлым жақсы қызмет етті және үнемі қоңырау шалып, сондағы жағдайларды айтып беріп отырды. Менің әскерге шағымым жоқ. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жаман жайттардан қорғаңыздар, басын жаман жаңалықпен ауыртпаңыздар, алаңсыз борышын өтесін", – деді Боровец.
Сонымен қатар ол ұлының өз-өзіне қол жұмсауына әскер кінәлі деген жалған қауесет таратпауды өтінді.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтіргені айтылды.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан