Әскерде басынан жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлады

Екі жарым жыл бұрын ұлттық гвардия әскери бөлімінде ауыр жарақат алып, комаға түскен сарбаз Мұхтар Ербаянның жағдайы нашарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 мамырда Мұхтар Ербаянның жағдайының нашарлауына байланысты жедел түрде ұлттық жедел медициналық көмек үйлестіру орталығына жатқызылды.
ОқыңызЕрбаян қазір жансақтау бөлімінде.
Сарбаздың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Инга Иманбай оның туыстарымен байланыста екенін жазды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Анасының айтуынша, сарбазға әскери бөлімде қысым көрсетілген. Кейін тіпті ата-анасының рұқсатынсыз дәрігерлер оған ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған. Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. Қазір Ербаян Түркиядан ем алып келді.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған