Асқар Мамин төртінші рет Хоккей федерациясының президенті болып сайланды
Нұр-Сұлтанда Қазақстан хоккей федерациясының XIV республикалық конференциясы өтті. Жиынға атқарушы комитет мүшелері мен аймақтық бөлім басшылары қатысты. Конференция кезінде қатысушылардың бірыңғай шешімімен Асқар Мамин федерация президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамин өз сөзінде 2016 жылмен салыстырғанда Қазақстан ерлер құрамасының 19-орыннан 13-орынға көтерілгенін айтты. Бұл уақыт аралығында ұлттық құрама 19 халықаралық жарысқа қатысқан.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 34 мұз аренасы мен модульдер бар. Жақын арада Павлодарда және Қостанайда мұз аренасы мен модулін ашу жоспарланған.
Асқар Мамин Хоккей федерациясын 2008 жылдан бері басқарып келеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады