"Асығыс қабылданған шешім": Мәжіліс депутаты оқу жылының ұзартылғанын сынға алды
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту шешімін айыптады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл – ойластырылмаған, асығыс қабылданған шешім
"Біздің балалар, басқа елдердің балалар сияқты күніне төрт емес, алты-жеті сабақ оқиды. Егер біздегі сабақтардың саны шетелдегі оқу жылының ұзақтығына сәйкес келеді", – деп түсіндірді Смирнова мәжіліс кулуарларында.
Оның айтуынша, біздегі жазғы демалыс пен шетелдегі демалыс уақытын салыстыру қисынсыз.
"Кейбір елдерде балалар қыста бір ай немесе жылдың басқа уақытында екі ай демалады. Сол үшін жазғы демалыс азырақ шығады. Олардың оқу жылының құрылымы мүлдем басқа. Сондықтан олармен салыстырып, 31 мамырға дейін оқу жылын ұзарту дұрыс шешім деп айту қиын", – деп қорытындылады ол.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды