"Ашық киінетін қыздар ұнамайды": Әлішер Каримов алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті
Белгілі әнші Әлішер Каримов жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Өнер иесі жеке өмірі туралы Асхат Садырбай Media youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
“Саған не үшін сұхбат беруге келіскенімді түсінбеймін. Кейде хабарласып, жеке өмірімді сұрайтындар бар. Жеке өмірімде сатқындық болды. Несін жасырамын оны. Ауыз күйді, жүрек сыздады. Жақын арада үйленгім келеді. Бұрыннан бері жоспарлап жүргенмін. Бірақ бір сәті түспей қойды, әртүрлі себептер болып қалады. Қазір "үйленгім келеді" деп нақты айта аламын. Інімнің де, қарындасымның да отбасы бар. Жиендерім өсіп жатыр. Кезек – менікі. Жақсы жаңалықтың болатыны анық”, – деді ол.
Сондай-ақ эстрада жұлдызы өзіне қандай қыздардың ұнамайтынын да жасырмады.
“Болашақ жарымның өнерден болғанын қаламаймын. Сосын қыздардың тым ашық киінгені ұнамайды. Тіпті әртістердің де ашық киінгені көзіме біртүрлі көрінеді. Шығыстың жігіті болғандықтан, әлі күнге дейін ұят санаймын. Ашық киініп сахнаға шығатын қыз-келіншектерді қабылдай алмаймын. Мен үшін қыз деген жұмбақ болуы керек. Ең бірінші қызды көргенде біз киімін көреміз ғой. Жалпы, қыздардың қай жағынан да жұмбақ болғанын қалаймын”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, "Әке атандым" деп Әлішер Каримов қуанышты жаңалығын сүйіншілеген еді.