Асхат Аймағамбетов көптеген шенділердің қазақ тілін үйрететін маман сұрайтынын айтты
Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ересектерге арналған қазақ тілі курстарын көбейту қажет екенін алға тартты. Депутаттың айтуынша, осы кезеңге дейін қызметте жүргенде айналадағы әріптестері өзінен қазақ тілін жақсы оқытатын тәжірибелі маман ұсынуын сұрап келген екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.

Экс министр қазақ тілін үйрену әсіресе басшылықта жүргендер үшін үлкен маңызға ие болғанын жеткізді.
"Мемлекеттік тілді түсініп, үйреніп жүргендер, сөйлеуге тырысатын басшылар саны күннен-күнге артуда. Мен облыста басқарма басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптестерім менен көмек сұрайтын. Министр болып жұмыс істеген кезімде де көптеген шенділер қазақ тілін үйрететін жақсы мұғалім ұсынуымды өтінген кездері болды", – деді Аймағамбетов.
“Қазір мемлекеттік қызметкерлер қазақша оқуды үрдіске айналдырып, басқарушылық тиімділігін сезінгені дұрыс", – деп түсіндірді депутат.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады