Аша Матайдың ағасы Баян Алагөзованың тәлімгеріне үйленбек
Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек Баян Алагөзованың қамқорлығында жүрген Жарқынай Ханайымға үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 ақпан күні Айдар Асқарбек өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған, оның ғашығы Жарқынай оған келісімін беріпті.
Ең қызығы, олар "Рауза" телехикаясында ғашықтардың рөлін сомдаған. Бір-бірімен түсірілім кезінде танысқан олардың кейіпкерлерінің махаббаты баянды болмаған көрінеді. Десек те шын өмірде Айдар мен Жарқынай жұп болып кеткен.
Алғашында, әншілік қырымен танылған Жарқынай Ханайым, енді актриса ретінде бағын сынап жүрген сыңайлы. Айдар Асқарбек өзі болса, Аша Матайдың ағасы әрі Баян Мақсатқызының жиені екен.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан