Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асфальтті сатып алған ба?": Тұрғын "Алматы-Нарынқол" автожолының жағдайына шағымданды

Желіде "Алматы-Нарынқол" тас жолындағы жамалған асфальт түсірілген видео тарады. Бейнежазба авторы Алматы облысы Кеген ауданының тұрғыны. Ол нашар жол үшін Кеген ауданы және "ҚазАвтоЖол" Акционерлік қоғамына "жарты келі асфальтты сатып алған ба?" деген сауал қойып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Аталған шағымға "ҚазАвтоЖол" АҚ (ҚАЖ) Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары Жасұлан Қалтаев жауап берді. Оның айтуынша, "Көкпек-Кеген-Түп" автожолы қазан айының аяғына дейін жөнделеді.

"ҚазАвтоЖол-ға қарасты бұл жол бөлігін "Іскерті" ЖШС жасаған. Алайда аталған компания сапасыз қызмет көрсеткендіктен, екіжақты келісімшарт бұзылып, ҚАЖ серіктестікті сотқа берді. "Іскерті" ЖШС жолды жөндеуге жұмсаған қаржыны қайтарып берді. Қазір басқа мердігер компания келді, олар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, құрылысты қазан айының соңына дейін аяқтауы тиіс. Ал күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжаты жасалады", - деді Жасұлан Қалтаев.

Жалпы Кеген ауданында барлығы 775 шақырым жол бар. Оның ішінде 68 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 32 пайызы жөндеуді қажет етеді.

 

Талқылау