Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арзан нәрсені менсінбеймін": Дариға Бадықова су жаңа көлік сатып алды

Отандық актриса, продюсер Дариға Бадықова салоннан су жаңа көлікке ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі нарықтағы бағасы 90 миллион теңге тұратын Cadillac автокөлігін сатып алды. 

“Өмірімдегі жаңалықты айтпауға тырысамын. Ешкімге көрсетпеймін де. Адал еңбектің ақасы” деп көрсетіп отырғаным ғой. Шығарудың бір себебі бір шешімге келдім. Тозғанша, бұйырғанша жүргіземін деген ниетім бар”, – деп жазды актриса. 



Айта кетейік, өнер иесі бренд қуып, трендтен қалғысы келмейтінін жасырмаған еді. 

"Менің табиғатым элегантностты қалайды. Вульгарный киім, дешевый шаш, сырға дегендерді қаламайды екен. Кеше қызық жағдай болды. Жандүнием арзан нәрселерді менсінбеді. Менсінбеймін все деді. Бұл менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар қайдасыздар?" – деген еді киножұлдыз. Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Еске салайық, "100 миллион кредит шығарып беремін" деп жұрт Дариға Бадықова жарнамасын жасаған заңгерге алданып қалғанын жазған едік. 

Талқылау