Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арзан бағамен аламыз": Еліміздегі базарларда арам өлген малдың еті сатылып жүр

Елімізде арам өлен малдың еті сатылымда. Сауда орындарында арзан бағаға ұсынған арам  өлген малдың етін алып сататындар аз емес.

Бұл туралы "Біздің назарда" бағдарламасында айтылды. 

Әдетте, бауыздалмаған малдың еті арам саналады. Батасын оқып, қос күре тамырды қимай сойылған малды жеу ислам дінінде арамға жатады. Біз сатып алып жеп жүрген базардағы малдың еті қаншалықты адал? 

Жасырын камерамен жүрген журналистер ет сатушыларға арам өлген малдың етін ұсынып көрді. 

Арзан бағаға алатындар аз болған жоқ. Келісін 500 теңгеден бастап, 1500 теңгеге дейін бағалағандар бар.

"Суреті де жоқ па? Алдымен түрін көруіміз керек. Егер жақсы болса, 1500 теңгеден аламыз. Түрін көрмей жатып ала алмаймыз", - деді ет сатушылар. 

Өткен жылы қараша айында Атырау өаласындағы қасапханалардың бірінде жылқыны аяусыз ұрып өлтірген қасапшылар туралы бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Оларға қатысты сот отырысы өтіп, ақыр соңында мал соятын ол орын жабылды. 

Ет таңдағанда абай болыңыздар. Алдымен еттің адалдығы туралы анықтама талап ету керек. Сосын саудагердің құжаттарын тексеру артықтық етпейді. Ауру -астан деген сөз бар. Ал, егер арам ет жеп жүрсек, оның обалы кімге?

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Қаңтар, 2020 14:41
Талқылау