Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арзан әрі тиімді: ДДСҰ коронавирусты емдеудегі ғылыми жетістік туралы мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) дексаметазон препаратын COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеудегі ғылыми серпіліс деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

дексаметазон

Дексаметазонның тиімділігі туралы зерттеуді Оксфордтың британ ғалымдары жүргізді. Олар дексаметазонның ӨЖЖ аппараттарына қосылған COVID-19-бен ауыратын пациенттердің өлім қаупін 35%-ға, оттегі алатын науқастар арасында - 20%-ға төмендететінін анықтады.

Ұлыбританияда препараттың қаптамасы бар-жоғы бес фунт стерлинг (2 550 теңге) тұрады.

Ұлыбританияда COVID-19 бар науқастарды дексаметазонмен емдеуге кірісіп кетті.

ДДСҰ хабарлағандай, Ұлыбритания ұйымға зерттеудің алдын ала нәтижелерін берді.

Айта кетейік, Қазақстанда тыйым салынған және кейіннен мақұлданған "хлорохин" және "гидроксихлорохин" препараттары қайта қолданыла бастады. Мамыр айының соңында бұл препараттар коронавируспен ауыратын науқастарда өлімнің ықтималдығын арттыратындығы туралы зерттеу жарияланды.

Кейінірек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары "гидроксихлорохинді" COVID-19 дәрілік препараттарының тестіне қайтару туралы шешім қабылдады. Өлім-жітім туралы қолжетімді деректерге сүйене отырып, мамандар тест хаттамасын өзгертуге себеп жоқ деген ұсыныс жасады.


 

Талқылау