Соңғы жаңалықтар

Аружан Саин: Сәтбаевта зорланған қыздың аты-жөні, суреті жарияланып қойды, енді оған бәрі ауыр тиюде

Балалар омбудсмені Аружан Саин Сәтбаевта зорланған 5 жасар қыз бен Абай ауылында зорланған жеткіншектің жағдайын айтты. Балалардың зорлыққа түсуіне ата-ана, шенеуніктер, қоғамның да жауаптылығы бар дейді омбудсмен. 

Аружан Саин тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен тікелей эфирге шығып сұхбаттасты.

Балалар омбусмені Сәтбаевтағы бүлдіршіннің оқиғасы мен Абай ауылында зорланған баланың қазіргі жағдайын айтты. 

"Мен Сәтбаета зорланған 5 жасар қыздың ата-анасымен Алматыда кездестім. Сөйлестік. Қазір бұл істе адвокат Айтжанова Гаухар және Эльвира Буханова жұмыс істеп жатыр. Мен облыстық полиция департаментімен байланыстамын. Күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Бәрі тиісінше аяқталады деп ойлаймын. Ал, маңыздысы бұл емес. Маңыздысы қазіргі қыздың жағдайында. 5 жасар қыздың аты-жөні, суреті барлық жерге жарияланып кетті. Оны бәрі таниды. Небір адам бар. Ертең бетіне басатын, мазақ ететін адам табылады. Ол ертең мектепке қалай барады? Ол мұны ұмыта ала ма? Ел ұмыта ма? Ол өз өмірінен күдер үзіп кетпей ме? Осы қиын болып тұр. Болған іс болды, оны түзей мүмкін емес. Сот та маңызды емес. Бала кішкентай болған сайын зорлықты тез ұмытады, ал есін білсе ұмыта қоймайды",  - деді омбудсмен.



Аружан Саинның Абай ауылында құрдастары зорлады деп айыптаған жеткіншекті қолдап, қорғағаны белгілі. Айтуынша, қазір жеткіншек анасымен бірге Алматыда тұрады. 

"Абай ауылындағы оқиғаға қатысты бір бала сотталды. Басқа айыпталушылары кәмілетке толмағандықтан жазадан құтылып кетті. Ал, жәбірленуші анасымен бірге Алматыда тұрады. Біздің қордың атынан бір азаматымыз пәтерін төлеп беріп отыр. Қазір бәрі жақсы деп ойлаймын. Баламен мамандар ұзақ уақыт жұмыс істеді. Психологтерден кеңес алды", - деді Аружан Саин.

Еске салайық, шілденің 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кейіннен пәтерде табылған болатын. Жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні оларға беруді талап етті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр