Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді ұрлаған күдіктіні қандай жаза күтіп тұр? Адвокат жауап берді

Танымал қазақстандық адвокат Айман Умарова Сәтбаев қаласындағы кішкентай қызды ұрлау мен зорлауға қатысты күдіктінің қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сот

Оның сөзіне қарағанда, күдікті Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды зорлау" және "Кәмелетке толмаған адамды ұрлау" баптары бойынша жазалануы мүмкін.

"Егер зорлау кәмелетке толмағанға қатысты жасалған болса, онда заңда 20 жыл мерзімге бас бостандығынан, сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша адамды ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырлады. Алайда, егер қылмыс өлімге немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жаза 3-бөлім бойынша - 10-нан 15 жылңа дейін ұлғаюы мүмкін", - деп түсіндірді Айман Омарова.



Адвокаттың сөзінше, Сәтбаевта жасалған қылмыс сот өмір бойы қамау түрінде үкім шығару үшін жеткілікті.

"Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бере алады. Бұл соттың қалауы бойынша. Екі бапта көзделген мерзімдерді ішінара қосу арқылы немесе неғұрлым жеңіл қылмысты ауырлық дәрежесіне көтеріп үкім шығарады. Бәрі сотта шешіледі", - деді Айман Омарова.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Қарағанды ​​облысындағы Сәтпаев қаласының тұрғындары баланы ұрлауға қатысты күдіктіні ұстады. Жоғалған бес жасар қызды туыстары мен қала тұрғындары іздеді. Ол пәтерлердің бірінен табылды

Кейін жоғалған қызды іздеу барысында ашулы топ жергілікті полиция ғимаратының жанында бірнеше көлікті өртегені белгілі болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр