Аружан Саин: "Әрбір педофилдің жазалануына барынша күш саламыз"

Балалар омбудсмені Аружан Саин балаларға қарсы жыныстық қылмыс жасаған әрбір адам үшін жауапкершілікті арттыруға ниетті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Саин әуежайда қызметкерді ұрып жібермек болған көпбалалы ананың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қарағанды облысының Сәтпаев қаласындағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады.

"Балаларға жасалған сексуалды зорлық бойынша қылмыстық істерді жүргізіп жатқанымызға бірнеше жыл болды. Әрбір осындай қылмыс туралы тіпті естудің өзі қиын, бірақ сол балалар мен олардың ата-аналарына қалай қиын екенін елестету мүмкін емес.  Балаларға қарсы осындай қылмыс жасайтын әр адамның жазалануына барынша күш саламыз", - деп жазды Facebook парақшасында Саин.

Ол сонымен қатар зардап шеккен бес жасар қыздың отбасымен байланысқанын жазды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

"Мен Сәтбаевтағы оқиға бойынша баланың анасымен телефон арқылы сөйлесіп отырмын. Сот-медициналық сараптама жүргізілді. Біз әрі қарай жүргізілетін жұмыстар, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету туралы әңгімелестік. Бала құқығы жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл істі барлық бағыт бойынша жүргіземін", - деді Аружан Саин.

Аружан Саин сонымен қатар Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен сөйлескенін жеткізді. 

"Мен бұл отбасыны осы іспен айналысатын ювеналды адвокатпен байланыстыруды өтіндім. Сондай-ақ мықты психолог маман да айқындалды. Себебі балаларға қатысты қылмыстарды тергеу барысында психологтың қатысуы міндетті", - деді балалар омбудсмені.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Қарағанды ​​облысындағы Сәтпаев қаласының тұрғындары баланы ұрлауға қатысты күдіктіні ұстады. Жоғалған бес жасар қызды туыстары мен қала тұрғындары іздеді. Ол пәтерлердің бірінен табылды

Кейін жоғалған қызды іздеу барысында ашулы топ жергілікті полиция ғимаратының жанында бірнеше көлікті өртегені белгілі болды.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевта арандатушылар қыздың ұрлануын пайдаланып, тәртіпсіздік жасағанын мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр