Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ аруларының арманына айналған Жандос Айбасов қара шаңырағына келін түсірді (видео)

31 қаңтар күні қазақ киноматографиясындағы дарынды және танымал актерлердің бірі Жандос Айбасовтың өмірінде үлкен қуаныш орнады. Актер үйіне келін түсіріп, өнердегі және өмірдегі жақындарының қатысуымен беташар салтын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Айбасовтың қуанышына ортақтасқан дарын иесі Ерден Телемісовтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 "Он и она", "Тараз", "Районы", "Лифт" және  "Я люблю тебя" фильмдеріндегі сомдаған рөлдерімен көрерменнің көңілінен шыққан, жүрегінен орын тапқан актер әрі каскадер Жандос Айбасов бүгінгі күннен бастап Марина есімді арудың сүйікті жары, өмірлік серігі атанды. 

 Қазақ аруларының арманына айналған Жандос Айбасов қара шаңырағына келін түсірді (видео)

Бір басы екеу болған жігіттің қуанышы қойнына сыймай бара жатқанын беташарда түсірілген видеодан байқауға болады. Каскадерді жаңа бақытымен құттықтағандардың қатарында актер Ерден Телемісов және Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов бар. 

Екі ғашық бір-біріне деген ыстық сезімдерін желі қолданушыларынан жасырған емес. Актер бес жыл жүрген сүйіктісімен бірге шаңырақ көтеруді тағатсыздана күтетінін, барлығы тек уақыттың еншісінде екенін бірнеше мәрте ескерген еді. Каскадердің жүрегін жаулаған Марина Айбасова (Қарпықова) арт-директор және фотограф болып жұмыс істейді. 


 

Фото: Stan.kz

 

 

Талқылау