Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әртіс адамнан ақыл сұрай ма?": Индира Расылхан сахнаға не үшін оралғанын түсіндірді

Әншіліктен қол үзіп, дінге бет бұрған Индира Расылхан өнерін қайтадан қолға алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/indirarasylkhan/

Өнер иесі оқырмандарынан жағымсыз пікір жазбай, керісінше қолдауды сұрады. 

“Соңғы кезде мен жайлы хейт өте көп жүріп жатыр. Біріңіз “Осы кім боларын
білмей жүр” деп жатсыздар. Менің ең басты мақсатым – адамға пайдалы болу. 
Әнімді жақсы көрген алтындарым сол, мен әлі де жаңа әніммен сіздерді қуантатын боламын. Психология – менің жаңа бағытым. Ал менің жаңа бағытымды қолдайтын жандар бар ма?! Менен кеңес алғысы келетін қыз-келіншектің қарасы көп. Хейт жазатындардың тілдеріне тағы да тиек болатын болды-ау”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі сүйікті әншілерін қолдаса, енді бірі психология саласында жүргенін сынап жатыр. 

“Психологиямен айналысқаннан гөрі, ән айту оңай”, “Сізге кім барып, кеңес алып жүр”, “Қазақ әйелдеріне ақыл айтатын Балқия мен Айнұр жетеді”, “Психолог болу үшін білімді болу керек”, “Индирасыз да психолог көп еді”, “Әртіс адамнан ақыл сұрай ма?”, “Туысқандарыңды қатыстырып, солардың миын улай бер” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Айта кетейік, өнер иесі Наурыз мерекесі қарсаңында сахна шығып, ән салған еді. 

Талқылау