Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" болашақ иесінің Путинмен және ресейлік олигархтармен байланысы жоқ – Скляр

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр құпия сақтап отырған "АрселорМиттал Теміртаудың" болашақ иесінің Ресей президенті Владимир Путинмен және ресейлік олигархтармен байланысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Склярдың сөзінше, олармен компания инвесторларының тікелей де, бөгде адамдар арқылы да байланысы жоқ. 

"Мен сізге жауапкершілігіммен айтамын, қандай да бір шетелдік компаниялар немесе басқа мемлекеттерден келген адамдар келіп, кәсіпорынға иелік етеді деген алыпсатарлық әңгімелер мен фейк ақпараттар ғана. Одан басқа  ештеңе емес. Қазіргі цифрландыру ғасырында кез-келген адам ерте ме, кеш пе оларды анықтай алады. Қаржыландыру көздерін, басқа да байланыстарын табу бәрі оңай, ол үшін арнайы қызметтердің қызметкері болудың қажеті жоқ, тек интернетке кіріп-ақ бәрін таба салуға болады", - деді Скляр.

Ол журналистерден "шыдамдылық танытуды" және мәміленің аяқталуы туралы ресми ақпаратты күтуді сұрады. Оның айтуынша, жаңа инвестор кәсіпорындарға салынған ақшаның қандай мақсатта жұмсалатынын ашық көрсетеді. Мұны үкімет қадағалап отыруы керек.

Роман Скляр АрселорМиттал Теміртауды қазақстандық бизнесмен сатып алады деп сендіреді. 

Оның айтуынша, жаңа инвестор Тоқаевтың қыркүйекте кәсіпкерлермен кездесуінде болғанын айтады.

"Қазір оның кім екенін айта алмаймыз. Отандық инвестор кәсіпорынды нарықтағы бағасымен сатып алады”, - дейді ол.

Еске салайық, апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды ​​облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеген

Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.

Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

31-қазанда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі табылғанын мәлімдеді.

Талқылау