Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері "Еңбек даңқы" саябағын жаңғыртып, жандандырмақ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы "Диалог" менеджерлерді ротациялау бағдарламасына қатысушылармен бірлесіп, қараусыз қалған "Еңбек даңқы" саябағын абаттандыруды қолға алмақ. 

Көктем келіп, шуақты күндер басталғаннан-ақ зауыт бөлімшелері мен кәсіпорынға іргелес аумақтарда тазалық пен абаттандыру жұмыстары басталады. Осы тұста "Еңбек даңқы" саябағын реконструкциялау жұмыстарына дайындықтың қызу жүріп жатқанын да айта кеткен жөн. 

“Бұл жерде жиі серуендеймін. Алайда мұнда бәрі ескіріп, қосқысқа толған. Саябақ зауыттың бет-бейнесі болғандықтан оны жандандырғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Бірінші тазалау жұмыстарынан бастасақ деймін. Бұл шешім "Диалог" бағдарламасына қатысушылармен бірлесіп қабылданды”,- деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірістік директоры Сергей Голубцов.

Жаңғырту бағдарламасы бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған бөлімдер мен цехтардың басшылары атсалысуда. Бағдарламаның мақсаты – металлургиялық зауыттың өндірістік алаңдарында қауіпсіздік деңгейін арттыру. Сол үшін "Диалогқа" қатысушыларға көптеген міндеттер қойылмақ. Солардың бірі жаңа идеялар енгізіп, тәртіпті қамтамасыз ету.

“Қауіпсіздікті жақсарту үші өндіріс мәдениетімен де жұмыс істеп, 5S жүйесінің енгізілуін қадағалап отырмыз. Тазалық пен тәртіп тек кәсіпорын цехтарында ғана емес, оның сыртында да болуға тиіс. Сондықтан жиында "Еңбек даңқы" саябағын қоқыстан тазартып, одан әрі қайта жөндеуге дайындау туралы шешім қабылданды. Саябақ аймағының үлкен болса да, бұл жұмыстарды сәуір-мамыр айларында аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді "Диалог" бағдарламасының үйлестірушісі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ прокат-2 цехының бастығы Сергей Земляков.

29 наурызда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірістік директоры, "Диалог" бағдарламасының үйлестірушісі мен он өкілі цех жұмысшыларымен бірге қараусыз қалған аумақты тазалауға кірісті. Жиналған қоқыстарды шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды.

“Аумақты қоқыстан тазартып жатырмыз. Ағаштарды кесіп, өркендерін қиямыз. Ол үшін біз өзімізге қажетті күрек, сыпырғыш, сөмке, шынжырлы араны алып алдық. Бұл саябақ бізүшін естеліктерге толы жер. Сондықтан қалпына келтіру жұмыстарына қуана-қуана атсалысамыз”,- деді УАТ жол-саябақ учаскесінің бригадирі Максим Щербаков.

“Тіпті отбасымыз үшін де "Еңбек даңқы" саябағының орны бөлек. Әкем Теміртауға Қазақстан Магнитогорскін салуға келген. Мен өмір бойы дерлік кірпіш қалаушы болып жұмыс істедім: Оның жолын қуып, зауытта жұмыс істегеніме де 30 жыл болыптын. Кезінде металлургтер тыныққан демалыс орнын ретке келтіруге атсалысып жүрген керемет сезім”,- деді газ шаруашылығы учаскелерінің прокат цехының жөндеушісі Эдуард Попов.

“Зауытта болсын, қалада болсын, осындай тарихи орындарда болсын тазалықты сақтауға міндеттіміз. Еңбек адамдарды біріктіреді. Мұнда басшылықтан бастап шеберлер, жұмысшылар болып маңызды жұмыс бітіріп жатырмыз.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қала тұрғындарына отбасымен уақыт өткізуге ыңғайлы абаттандырылған саябақ сыйлауды жоспарлап отыр. Ол үшін жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру, орындықтар, веложол, воркаут алаңы және т.б. жасалмақ. Жоба әзірленуде”,- деді теміржол желісінің слесары Ерболат Шәмшиденов.

Қазіргі уақытта саябақ қараусыз қалған. Әр бейсенбі сайын сағат 13.00-де өтетін тазалық пен көгалдандыруға қосылып, оны қалпына келтіруге әркім өз үлесін қоса алады.