Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арнайы қызымыз үшін тігілді": Баян Мақсатқызы екі қызына фотосессия жасады

50 жасында екі қызды болған Баян Мақсатқызы қыздарына фотосессия жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі қыздарының киімдерін көрсетіп, арнайы тігілген ұлттық киім кигізді.

“Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия, бірақ ол суретке түсуді қаламай тұрған сияқты. Көңіл-күйі жоқ. Біздің үшінші образ. Арнайы Алмуша үшін тігілген киім. Алмуша, жарайсың! Осымен үшінші образын кигізіп жатырмыз”, – деді продюсер. 



Одан кейін қызының мінездерін де айтып өтті. Бірінші қызы Алиса 5 тамыз күні дүниеге келсе, екінші қызы Алма 19 тамызда дүние есігін ашты. 

“Алмушамыздың мінезі қиындау болатын. Алғаш рет фотосессия жасайтын кезде қызым мазасызданып, фотосессияны кейінге қалдырып едік. Бүгін қызымды суретке түсіріп болған соң жұмысқа кетіп барамын. Алматыда ауа райы біртүрлі болып тұр екен", – деді Баян Мақсатқызы.

Еске салайық, өнер иесі тамыз айында екі мәрте қызды болғанын халық “суррогат ана” көмегімен дүниеге келгенін болжап жатқанын жазған едік. 

Талқылау