Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктер: Тіркеу құны мен қалай дұрыс сату жайында

Маусымнан бастап Армениядан Қазақстанға әкелінген көліктерді тіркеу басталады. Сондықтан Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ең негізгі сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда ЕАЭО-дан автомобильдерді әкелу және пайдалану ережелері бекітілді

"Басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және олар Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автомобильдер тіркеуге жатады. Қабылданған қаулы аясында, автомобильді тіркеу құны 11946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге – тіркеу үшін алым, 3 773 теңге – техпаспорт үшін баж, 7778 теңге – мемнөмір үшін баж кіреді. Басқа төлемдер көзделмеген", - деді Серік Түсіпов.

Сонымен қатар ол Армениядан әкелінген көліктерге не себепті сары нөмір берілетіндігіні айтты.

"Әкелінген автомобильдерді олардың меншік иелері Армения есебінен шығармағандықтан, Қазақстанда тіркеу кезінде оларға сары фондағы нөмірлер берілетін болады. Өйткені, олар - басқа мемлекетте тұрақты тіркеуде тұрған көлік құралдары. Бұл ретте, нөмірлер автомобильдің меншік иесінің нақты тұратын жері бойынша өңірдің кодымен берілетін болады", - деді ол.

ҚР ІІМ өкілі неліктен "оң жақ рульді" және қайта жабдықталған автомобильдерді тіркеуге тыйым салғандығын түсіндірді.

"Оң жақ рульді" автомашиналарды тіркеу көзделмейді, өйткені 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған. Тыйым салу "Жол жүрісі туралы" Заңда және "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген нөмірі "Оң жақ рульді" автомобильдер бастапқыда сол жақты қозғалысы бар елдерде - Жапония, Ұлыбритания және т.б. пайдалану үшін конструктивті түрде жасалған. Аталған автомобильдерді оң жақты қозғалысы бар жолдарда айдау кезінде, жүргізушілердің көру бұрышы шектеулі болғандықтан басып озу, солға бұрылу және т.б. маневрлер қауіпсіз жасауды қиындатады. Басқару органдары оң жақтан сол жаққа орналастырылып қайта жабдықталған автомобильдерменшік иесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ұсынғаннан кейін ғана тіркеуге жатады. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті Сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынақ зертханалары береді", - деді Серік Түсіпов.

Сонымен қатар ол Арменияда берілген техпаспорт пен мемнөмірлер қайда сақталатынын, оларды қайтарып алу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

"Арменияда берілген техпаспорт пен мемнөмірлер автомобильді Қазақстанда тіркеген кезде Мамандандырылған ХҚКО-ларда тапсырылатын және автомобильдің меншік иесі талап еткенге дейін мұрағаттарда сақталады. Оларды қайтару автомобильді Қазақстанның тіркеу есебінен шығарған жағдайда, меншік иелерінің сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады",- деді ол.

Армениядан әкелінген және Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында тіркелген автомобильді қайта сату үшін не қажет екендігі де түсіндірілді.

"Тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмеген. Автомобильдің меншік иесі оны пайдалану мерзімдері туралы шешімді өзі қабылдауға құқылы. Егер азамат өз автомашинасын қайта сатқысы келсе, ол: "қазақстандық" мемнөмірлер мен техпаспорттарды тапсырумен автомобильді Қазақстанның есебінен шығаруға; мамандырылған ХҚКО-да "армяндық" нөмірлері мен техпаспортты қайтып алуға тиіс; Армения есебінен шығару, ол үшін қазіргі таңда "өзінің баруы қажеттігі" көзделген; Қазақстанның заңнамасында көзделген төлемдерін төлеу. Осыдан кейін, ол автомобильді басқа тұлғаға қайта сата алады",- деп түсіндіреді ол.

 

Талқылау