Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения парламенті жаңа президентті сайлады

Армения парламенті жоғарытехнологиялы өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатрянды ел президенті етіп сайлады. Бұл туралы есептеу комиссиясының басшысы Нарек Бабаян айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ваагн

Хачатрян бұл лауазымға жалғыз үміткер болған. Оның кандидатурасын басқарушы "Азаматтық келісім" партиясы ұсынған.

Алғашқы турда Хачатрянға тек 69 депатутат қана дауыс берген. Заңға сәйкес бірінші турда үміткер кемінде 81 дауыс жинауы керек.

"Хачатрянға барлығы 71 депутат дауыс берді. Екінші кезеңде кем дегенде 65 дауыс жинауы қажет болған", – деді Бабаян. 



Армениядағы оппозициялық партиялар президент сайлауына бойкот жариялаған. Елдің бұрынғы президенті отставкаға кететінін 23 қаңтарда мәлімдеген. Бұған себеп ретінде ішкі және сыртқы саясатқа араласуға мүмкіндік беретін өкілеттіктің болмауын көрсеткен. 

2015 жылғы конституциялық өзгерістерге сәйкес Арменияның басқару жүйесі президенттіктен парламенттік болып өзгертілген. Мұнда мемлекет басшысы жалпыхалықтық дауыс беруден кейін емес, парламент депутаттарының дауысымен сайланады. 

Талқылау