Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения президенті отставкаға кетті

Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кетті. Оның өтініші президенттің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Саркисиан

Саркисянның сөзінше, оның отставкасы ішкі және сыртқы саясатта әсер етуге арналған құралдардың болмауымен байланысты. 

"Төрт жылдық белсенді жұмыстан кейін ұзақ ойланып, президент лауазымынан кетуге шешім қабылдадым. Бұл шешім эмоционалды тұрғыдан қабылданбаған. Президенттің осындай қиын кезеңде ішкі және сыртқы саясатқа ықпал етуге арналған құралдары жоқ. 

Мемлекет үшін ұлт бірлігін қажет ететін қиын кезеңде президент институты өсек пен қастандық келісімінің нысанасы болмауы керек. Бұл қоғамды маңызды сұрақтардан алаңдатады", - деп мәлімдеді Саркисян ресми сайтта. 

Армен Саркисян 2018 жылдың 9 сәуірінде президент лауазымына сайланған. Саяси мансабында ол премьер-министр, Арменияның Белгиядағы, Люксембургтегі, Ватикандағы және Ұлыбританиядағы елшісі қызметтерін атқарған. 

Талқылау