Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерманның құдасы ДДСҰ-ның басшысы болып екінші мерзімге сайланады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алда болатын сайлаудағы жалғыз кандидат болып тіркелді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ДДСҰ-ның бас директоры қызметіне қайта ұсынылған Гебрейесустың кандидатурасын орындаушы комитет Женевада өтетін 150-ші сессия кезінде қарайды. Сайттағы ақпарат бойынша, шешім ассамблеяда 22-28 мамыр аралағында жасырын дауыс беру арқылы анықталуы тиіс. 

Үміткерлер 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін тіркелген. Гебрейесустың кандидатурасын ұйымға мүше 28 ел ұсынған. Олардың ішінде: Қазақстан, Австрия, Ирландия, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кука аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад пен Тобаго бар.



Айта кетейік, Гебрейесус ДДСҰ-ның басшысы болып 2017 жылы сайланған. 

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ал ол жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды. 
 

Талқылау