Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Жүрсін Ерманмен құда болып шықты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисус Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты.  Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде танымал ақын Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, сәлем жолдаған ДДСҰ директоры Тедрос Аданом Гебрейесустің видеосы қызу талқыланып жатыр.

"Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!", - дейді Гебреисус. 

Осы тұста Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысымен құда екенін растады. Белгілі тұлғаның жиені эфиопиялыққа осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен. 

"Менің Ардақ деген кіші қызым бар. Содан туған Айдана деген немере жиенім бар. Сол баланы мектепте оқып жүргенде тіл үйренсін деп Жаңа Зеландияға жібергенбіз. Сол жақта мектепті бітіргеннен кейін өзі Швейцариядағы академияға "қонақүй бизнесі" бойынша оқуға түскен. Одан кейін Испанияға барып, магистратурада оқыды. Ал 4 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисустың үлкен ұлына тұрмысқа шыққан. Қазір бір қызы бар", –  деген ақын. 

Оның айтуынша, Тедрос Гебреисус бас құда ретінде Қазақстанға келіп кеткен. Айдананы ұзатуға қатысты. Күні кеше Жүрсін Ерман 70-жасқа толды. Меретойға Женевадағы бас құда да шақырылды. Бірақ жұмыс бабына байланысты келе алмаған.

"Тедрос құда келем деген. Бірақ келе алмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының съезі болып қалды. Содан бейнеқұттықтау жіберді. Қазақша сөйледі. Соңында менің бір ауыз өлеңімді де оқып берді", - деп атап көрсетті Ерман.

Айдана шетелде қалса да, төл мәдениеті мен өнерін ұмытпайды. Өзімен бірге домбыраны алып кеткен. Ән айтып, күй тартады. Ал атасына қазақ тілін үйретіп қойған. 

 

Талқылау