Армения енді ҰҚШҰ-ны қаржыландырмайды
Армения сыртқы істер министрлігі 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландыруға қатыспау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армения сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аня Бадалян енді ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қаржыландыруға қосылмайтынын мәлімдеді.
"Армения ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2023 жылғы 23 қарашадағы "ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне қосылудан бас тартады. Бірақ Армения осы шешімнің қабылдануына қарсы емес, тек ұйымның қызметін қаржыландыруға қатыспайды", – делінген хабарламада.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”