Арман Оспанов жолын жауып, аяғынан шалған қандастарына өкпесі қара қазандай екенін айтты
Бүгінде «ALASH PRIDE – ACB» халықаралық турниріне қызу дайындық жүргізіп жатқан Арман «Сұңқар» Оспанов, ММА жанкүйерлеріне ашық жаттығу өткізіп, жекпе-жек алдындағы дайындығы жайлы Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген болатын.
«Дайындығым жақсы! Қарсыласымды мен өзім таңдаған жоқпын, АСВ тұжырымы анықтап берді. Ол Тьяга Силва деген бразилиялық спортшы. Бразилиялық спорт түрі «джиу джитсудан» қара белбеу иегері. Ондай жетістік әлі күнге дейін біздің қазақстандық спортшыларға бұйырмаған» – деп қарсыласының оңай шағылатын жаңғақ емес екендігін айтады.
Алайда, сегіз бұрышта атой салып жүрген жерлесіміз спорттық мансапта талай мәрте сәтсіздікке тап болған көрінеді. Тіпті, Арманның жолын жауып, аяғынан шалған қандастарына өкпесі қара қазандай.
«Қазақта айтады ғой дос бар, дұшпан бар деп. Бұл атам заманнан келе жатыр. Бір жаманы маған қатты тиетіні көралмаушылық қасиет. Сол көреалмаушылық қасиет қанымызға сіңіп кеткен. Ондай жағдайлар болды, бірақ атын атап, елге жариялауға арым жібермейді» – деп қазақ батыры іштегі реніштің барын жасырмады.
Алайда, спортта кездескен түрлі тосқауылдар, жүректі жігіттің жігерін жанши қоймаған. ММА алаңында жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген батыр халық қолдауынан қанаттанатынын жасырмады.
«Спорт болғаннан кейін сүрінбейтін тұяқ жоқ қой. Ұтылу мен жеңіс қатар жүреді. Сол секілді ұтылса да, қарапайым болып ұтып кетсе де, халық әрқашанда қолдап, спортшымен бірге болса деймін» – деп жекпе-жек жанкүйерлеріне жеңіс сыйлауға уәде берді.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Тағы да оқыңыз:
Әнші Ақбота әріптесі Жұлдыз Өмірғалиева жайлы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтты
Қазақ балуаны “Әлем барысы” атанды
Димаштың әнін көше ортасында айтқан қытай қызы желіні “жарды” (видео)