Көбі біле бермейтін қазақша тағам атаулары
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің бір жолы – қазақша қызмет ұсынуды, соның ішінде қазақ тіліндегі мәзірді талап ету. Қазақ тілінде көбі біле бермейтін тағам атауларын ұсынамыз.

Уыз көже – уыздан пісірлген дәмді тағам.
Ақлақ – қой сүтінен жасалған, ірімшікке сары май қосылған тағам.
Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі.
Шұжық – етті ішекке салып жасайтын дәмді тағам.
Сүр – қысқы соғымнан қалған ет.
Қарта – жылқының ішегі, кәделі тағам.
Жал – жылқының жалының майы.
Жая – малдың жаясының еті, кәделі тағам.
Ақсорпа – соғым сүйектерін қайта қайнатқанда шығатын сорпа.
Күлше – табада пісірілетін нан.
Шалап – айранға су қосылған сусын.
Майсөк – майға бөктірген сөк.
Мипалау – мал миынан жасалатын тағам.
Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге салып түйіп жасаған тағам.
@stan.kz Сіз естімеген қазақша тағам атаулары ##қазақтілі ##stankz ##рек
♬ оригинальный звук - STAN KZ
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"