Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі «Арқалық хабары» газеті латынша жарық көрді

Арқалық қаласының апталық газеті латын әліпбиімен жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым эксперимент түрінде бірінші рет латынша жарық көрді. Бас редактор Қайрат Есмағамбетовтің айтуынша, газетті латынша шығару жоспарда болмаған.

«Бәріңізге белгілі, елбасы жаңа латын әліпбиін бекітті. Осы орайда біз де тәжірибе ретінде өз газетімізді латын графикасымен ұсынып көрдік. Бұл жолы басылымның бірінші бетін өзгертіп жасадық. Мұндағы мақсат – оқырмандардың пікірін білу. Олар қалай қабылдайды? Міне, осы сұраққа жауап іздеу үшін жаңашылдыққа барып отырмыз», – деді Есмағамбетов.

Бас редактордың сөзінше, ғаламторда кириллицаны латын әріпіне бірден ауыстыратын арнайы бағдарламалар бар. Сол себепті, басылымдарды латынша таңбалау қиындық туғызбайды.

Тағы да оқыңыз:

Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі

Атыраудағы 9-сынып оқушысы өзін талақ еткен діншіл күйеуі туралы айтып берді

ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады

Талқылау