Арқалық қаласының маңында санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады
Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде санитарлық авиацияның ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуе оқиғасына қарлы боран себеп болған.
“Апат әуежай маңында ауа райының қолайсыздығы салдарынан болды. Әуе кемесі Қостанай-Арқалық бағытында келе жатқан. Ұшақ бортында төрт адам, екі ұшқыш және екі дәрігер болған. Дабыл түскен соң оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағы жөнелтілді”, – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда