Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар": "Гарант 24" ломбардының басшысы салымшыларға үндеу жариялады

Әлеуметтік желілерде өзін "Гарант 24" ломбардының басшысымын деп таныстырған ер азамат неліктен елден қашып кеткендігін түсіндірді. Сөзінше, ол түрмеге түсуден қорыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гарант

Ер азаматтың бейнеүндеуі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып кетті. Айтуынша, ол елден кетуге мәжбүр болған. 

"Менің жоғарыда, құқық қорғау органдарында отырған адамдарым бар. Егер мені түрмеге жауып тастаса, мен сіздерге ақшаны қайтарып бере алмаймын. Қамауға алғаны қатты қорқынышты емес. Қорқыныштысы - сіздерге ақшаны кері қайтармау. Егер мен ақшаны қайтаратын ойым болмаса, мен мұның алдындағы бейнежазбаларды жарияламайтын едім. Мен сіздермен үнемі байланысты болды, ол үшін жеке-жеке қалаларды да аралап шықтым. Ломбард қызметкерлері - ақша тапқысы келген жалдамалы жұмыскерлер. Оларды да абақтыға қамаса, мәселе одан сайын ушығып кетеді. Мен қайтып оралсам, мені де қамауы мүмкін, себебі үстімнен түскен арыздың саны жетерлік", - дейді ол. 

Оның сөзіне сенсек, алдағы уақытта ер азамат Қазақстанға келіп, барлық қаражатты кері қайтаратын қауқарға ие екен. 

"Салымдағы ақшаның барлығы айналымда жатыр. Бұл қаражаттың қайда екенін айтар едім, бірақ ол кезде есепшот бұғатталып, қаржы тәркіленіп алынады", - деп қосты ол. 

Сондай-ақ ол бұл жайтты шешу үшін біраз уақыт кететінін алға тартты.

Еске салайық, бұған дейін "Гарант 24" салымшыларына ақшасы қалай қайтарылатыны жайлы айтылған еді. 

Талқылау