"Арызбен келіспеймін": Ғылым министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін өзін сотқа берген түлектер жөнінде айтты
Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек грантсыз қалғаны үшін министрдің үстінен сотқа арызданған түлектер жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Журналистер Саясат Нұрбектен сенат кулуарында түлектердің арызына қатысты өткелі жатқан сот отырысы жайында сұрады.
"Сот отырысы келесі аптаға қалдырылды, офлайн режимде өтеді. Сот шешімі келесі апта талқыланады. Топ болғанда бір адам ғана арызданған. Қалған адамдардың сұрақтары шешіліп жатыр. Бұл шағымдар сот деңгейінде толыққанды қаралып, кейбірі (арыздар – ред.) қайтарылды", – деді ол.
Саясат Нұрбек өз сөзінде түлектердің арызымен келіспейтінін айтты.
"Арызбен келіспеймін. 20 адам сотқа берді. Әр жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. 15 адам грантқа ие болған. Бірақ соттың өзі олардың не үшін арызданғанын түсінбеді", – деп қосты ғылым министрі.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда