Арыстық баланың өлімі: Оқиғаға жол апаты себеп болған
Арыстық баланың өліміне жол апаты себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мерседес Бенц" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 2011 жылы туған баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол күні Арыс қаласының полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Көлік апатының салдарынан қатты жарақаттанған бала Шымкент қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, артынша жағдайы нашарлағаннан кейін санавиация арқылы Нұр-сұлтан қаласына жөнелтілді. Сол уақыттан бастап жеткіншек комада бір ай бойы жатып, дәрігерлердің қадағалауында болған.
"Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 347-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді. Ағымдағы жылы 2 тамызда жәбірленуші бала алған жарақаты салдарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде, қылмыстық іс ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды", - дейді баспасөз қызметі.
Оқиғаға себепші болған автокөлік жүргізушісі кінәсін мойындап, тергеу амалдарын жүргізу жалғасуда. Өазіргі таңда бұл іске қатысты абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
