Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасарын сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті

Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан ауырып қалды. Оны сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алмаз Нуразхан

Науқасты тексергеннен кейін дәрігерлер өзге дәрігерлермен кеңесу керек деген қорытындыға келген. Әйтпесе, Нұразхан сот кезінде есінен танып қалуы мүмкін еді.

Осылайша сот отырысы келесі аптаға ауыстырылды.



Еске салайық, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда тұтқындалды. Мұхамедиұлы мен орынбасары Нұразхан "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесіне бөлінген миллиондаған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген.

Бірақ сотталушылардың ешқайсысы кінәларын мойындамаған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты Астанада 17 сәуірде басталған.Сот отырысы бас қаланың Байқоңыр ауданында №2 сотында өтіп жатыр.

Талқылау