Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасарын сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті
Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан ауырып қалды. Оны сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Науқасты тексергеннен кейін дәрігерлер өзге дәрігерлермен кеңесу керек деген қорытындыға келген. Әйтпесе, Нұразхан сот кезінде есінен танып қалуы мүмкін еді.
Осылайша сот отырысы келесі аптаға ауыстырылды.
- "Денсаулығым күннен күнге нашарлап барады": Cот Арыстанбек Мұхамедиұлының үйқамаққа жіберу туралы өтінішін қабылдамады
- Мұхамедиұлының соты: Айыпталушы сот отырысында Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады
Еске салайық, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда тұтқындалды. Мұхамедиұлы мен орынбасары Нұразхан "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесіне бөлінген миллиондаған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген.
Бірақ сотталушылардың ешқайсысы кінәларын мойындамаған.
Арыстанбек Мұхамедиұлының соты Астанада 17 сәуірде басталған.Сот отырысы бас қаланың Байқоңыр ауданында №2 сотында өтіп жатыр.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”