Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатын болды

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты тың деректер пайда болды. Астаналық сот экс-министрдің әйеліне парақорлыққа делдал болды деген айып тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: golos-naroda.kz

Кеше Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық маманданған сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы мен адвокатына қатысты сот ісі басталды. 

"Мұхамедиұлына аса ірі көлемде пара беруге оқталды деген (ҚК 24-бабы), ал адвокаты Мұстақым Төлеевке аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген (ҚК 190-бап, 4-бөлігі 2-тармағы) баптар бойынша айып тағылды", – делінген сот мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақова қылмыстық кодекстің  368-бабы 1-бөлігі бойынша “парақорлыққа делдал болды” деп айыпталды. 

Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Арыстанбек Мұхамедиұлына Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз иелену немесе талан-таражға салу, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру) бойынша айып тағылған.

Сондай-ақ ол өзімен бірге айыпталғандарға қатысты "өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын" деп мәлімдеді. 

Талқылау