Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасады

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-тың соққыларына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейн аумағына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдану арқылы әскери операция бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы сақшылары корпусы жасаған соққылардның нысанасы Кувейттегі АҚШ әскери-әуе базасы мен Бахрейндегі АҚШ әскери-теңіз күштерінің базасы болған.
"Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Кувейттегі “Әли әл-Салем” әуе базасы мен Бахрейндегі Салман портында орналасқан АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының базасына соққы жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ олар бұл нысандардың жойылғанын және АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған соққыларына батыл жауап қайтарылғанын хабарлады", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға жаңа соққылар жасалғанын хабарлаған еді. Мәліметке сәйкес, АҚШ ұшақтары әскери барлау инфрақұрылымы нысандарына, байланыс жүйелеріне, әуе шабуылына қарсы қорғаныс позицияларына, ұшқышсыз ұшу аппараттарын сақтау қоймаларына, сондай-ақ теңіз миналарын орналастыруға арналған құралдарға соққы жасаған.
Бұл соққылардың Панама туы астындағы коммерциялық танкерге Ормуз бұғазы маңында жасалған шабуылға жауап ретінде жүзеге асырылғаны айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Иран өзара келісімге қарамастан тағы да бір-біріне шабуыл жасағаны туралы жазған едік.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Оқыңыз