Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялаған: Сот Антикор тарапынан азаптау деректерін тексеру жөнінде қаулы шығарды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақованың 460 мың доллар көлеміндегі пара берді деп айыпталуына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалия Ысқақова Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін адвокатқа пара берді деген күдікке ілініп отыр. Экс-шенеуніктің жұбайы ақша бергенін мойындаған. Бірақ мұндай әрекетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің қысымымен жасағанын айтып отыр.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Сейфулла Тасымбетов аштық жариялаған Мұхамедиұлының өтінішін қанағаттандырып, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері тарапынан азаптау және құқыққа қарсы шаралар деректерін тексеру туралы қаулы шығарды.

Ал өтінішін қанағаттандыратын қаулы туралы айтылғаннан кейін Мұхамедиұлы судьяға алғысын білдіріп, аштық жариялауды тоқтатқысы келетінін айтып, сот отырысын тоқтатуды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатынын жазған едік.

Талқылау