Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Сот қылмыстық істі кері қайтарды

Шымкенттік гарнизонның әскери соты Арыстағы жарылыстарға байланысты істі прокуратураға кері қайтарды. Бұған себеп - қылмыстық-процессуалдық заңнаманың бұзылуы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкент гарнизонының әскери соты, ҚПК-ның 323 және 340 бабы бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан оқ-дәрілердің жарылуына жауапты 16 сотталушыға қатысты қылмыстық істі прокуратураға кері қайтарды. Істің кері қайтарылуының себебі - оны объективті қайтаруға кедергі келтіретін жағдай қылмыстық-процессуалдық заңнаманың бұзылуы", -делінген әскери соттың баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. 

Қаулы ресми күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2020 жылдың 8 маусымында Арыс жарылысына қатысты істердің барлығы біріктірілгені белгілі болған еді. 

Еске салайық, 2019 жылы 4 маусымда Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасында жарылыстар орын алған еді. Салдарынан үш адам қаза болып, тағы екі жүзге жуығы жарақат алды. Тұрғындар эвакуацияланып, кейіннен Арыс қаласын қайта қалпына келтірілді. 

Талқылау