Арыстағы әскери бөлім орнында қалатын болды
Арыстағы арсенал көшіріліп, әскери бөлім орнында қалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Арыстағы жарылыс сәтінен бастап осы күндерде шенеуніктер мен әскери қызметкерлер күнделікті атқарылған жұмыстар туралы баспасөз брифингтерін өткізеді. Ал бүгін қорғаныс министрлігімен кездесуде "өңірде қалған арсеналды не істейді?"деген сауал қойылды.
"Арыстағы арсенал көшіріледі, әскери бөлім орнында қалады. Қазіргі уақытта оқ-дәрілерді тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау шаралары жүріп жатыр. Оқ-дәрілердің бөлшектерін табылса, олар утилизацияға жіберіледі", - деді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Ермиян Бятов.
Қанша азаматтың қайтып оралғаны туралы дәл деректер жоқ. Құрылысшылар үй иелерінің жоқтығынан өз жұмыстарын бастай алмай отыр. Көп адам әлі үйіне оралмаған. Ұрлықтың көп болуының себебі де сол.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”