Арыста белгісіз зат жарылды: Ер адам зардап шекті
Арыста қоқысты өртеу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан ер адам жарақат алды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында айтты.
Кеңесшінің айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Қоқысты жағу кезінде белгісіз зат жарылды.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оған жеңіл дене жарақаттары диагнозы қойылған (аяғы мен қолы жарақаттанған). Оны дәрігерлер тексеріп, қажетті көмек көрсеткен соң үйіне жіберді.
Арнайы қызметтер сол жерде жұмыс істеді. Әзірге нақты не жарылғаны белгісіз.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді