Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты
Желіде жол апатына түскен Ернар Айдардың ауруханада жатқан суреті пайда болды. Оны Ернардың хал-жағдайын білуге барған Сәкен Майғазиев пен Мөлдір Әуелбекова жүктеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ернар Айдардың жол апатына ұшырауы тыңдармандардың үрейін туғызды. Көпшілік өткен аптадан бері Ернар үшін дұғада болып, әншінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Халықтың ықыласы мен тілеуінің арқасында шығар, Ернардың беті бері қарап келеді. Бұл туралы Сәкен Майғазиев жазды.
“Аса құрметті Ернартайдың тілеулестері, бауырымыздың беті бері қарап, сіздерге дұғай сәлем жолдап жатыр. “Алладан бұйрық келсе, бүкіл арман, мақсат, жоспарларыңды 10-15 секундтар-ақ өзгертіп тастайды екен…” дейді, сынаққа сына қоймайтын, руxы биік бауырымыз. Мөлдірдің шашақ сырғасына қайта-қайта қарап, балаша күліп, көңілі көтеріліп қалды. Аман болайық, ағайын”, – дейді Сәкен Майғазиев.
Ал Ернардың өзі желідегі парақшасына ата-анасымен бірге түскен суретін жүктеп, әкесін туған күнімен құттықтады.
Есте болса, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні әнші Ернар Айдар продюсерімен бірге жол апатына ұшыраған болатын. Омыртқасы сынған әнші бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ернар біраз уақытқа дейін есін жинай алмады.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан “қылықтары жасанды” деп сынайтындарға жауап берді
Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім
Баян Есентаева өзін сынаған Арман Сқабылұлына жауап берді
Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім