Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар әлі ес-түссіз жатыр

Танымал “хитмен” Ернар Айдар әлі де аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол әлі есін жиған жоқ.

Айдаррр

Бұл туралы әншінің әкімшісі Әйгерім Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Жол апаты болған күні Ернар продюсерімен бірге Шымкенттен Алматыға жол тартқан. Ол Оңтүстік өңірге гастрөлдік сапармен барыпты.

Көлік жүргізушісі ауа-райының қолайсыздығы салдарынан рөлді тізгіндей алмаған. Жол апатына ұшыраған кезде көлікте үш адам болғаны анықталды. Олар – Ернар Айдар, оның ағасы әрі продюсері Талғат және жүргізуші.

Әншінің омыртқасы, ал продюсердің қабырғасы сыныпты. Жүргізуші айтарлықтай жарақат алмаған. Ал Ернар мен ағасы ауыр халде жатыр. Көмекшісінің айтуынша, дәрігерлер әзірге ештеңе айта алмай отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

 

Талқылау